Accessibility links

Ресей ғарышқа қару-жарақ шығармау келісімі жобасын ұсынды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей мен Қытай атынан ұсыныс кіргізіп, ғарышқа қару-жарақ шығармау келісімі жобасын ұсынды. Ресей министрі ұсынысын кеше Швейцарияда өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының қарусыздану конференциясында жариялады. Сергей Лавров ғарышта орналасқан нысаналарға да қауіп төндірілмеу керек дейді. Қытай мен Америка Құрама Штаттары өз бағдарламаларында ғарышта жүрген жерсеріктерін жоюды қарастырады. 1967 жылы қабылданған халықаралық келісім ғарышқа жойқын қаруды шығаруға тиым салған, алайда жерсеріктерін атып түсіруге тиым қарастырылмаған.
XS
SM
MD
LG