Accessibility links

Владимир Путин Ресей мен Украина газ қарызы мәселесін шешті деп жариялады


Ресей мемлекеттік "Газпром" компаниясы Украина бір жарым миллиард доллар берешек, қарыз өтелмейінше газ тасымалын шамамен 25 пайызға азайтамыз деген. Путин кеше Мәскеуде Украина президенті Виктор Ющенкомен кездесті. Путин Украина тарабының ұсыныстарына "Газпром" қанағат танытты, таяу арада тиісті келісімге қол қойылады деді. Украина президенті Виктор Ющенко былтыр қараша мен желтоқсанда жиналған қарыздарды Украина бейсенбіде төлей бастайды деп келістік дейді. Ресей Украинаға газды мың текше метр үшін 179 доллардан сатып отыр.
XS
SM
MD
LG