Accessibility links

Австралия үкіметі аборигендерден кешірім сұрайды


Австралия үкіметі елдің ежелгі тұрғындары аборигендерге қарсы жасалған күштеп ассимиляциялау саясаты үшін кешірім сұрады. Австралия үкіметі бұрынғы кезеңде ассимиляция саясатын жүргізгенде аборигендер отбасыларынан ондаған мың адам күштеп әкетіліп, қайтадан тәрбиеленді. Қоғам дауын туғызған проблема бүгін Австралия парламентінде қаралды. Бас министр Кевин Рудд аборигендерден барша Австралия халқының атынан кешірім сұрауды ұсынды. Ұсыныс бірауыздан қабылданды. Австралия парламентінің мәжілісі бүкіл елге тікелей толқында көрсетілді.
XS
SM
MD
LG