Accessibility links

Александр Лукашенко кейбір журналистерді түрмеден босаттық дейді


Беларус президенті Александр Лукашенко Батыс елдерінің айтқан сынына құлақ асып, кейбір журналистерді түрмеден босаттық, Еуропа Одағы қарым-қатынасты жақсартады деп отырмыз деп мәлімдеді. Александр Лукашенко бұл сөзін кеше Беларус мемлекеттік университетінде айтты. Александр Лукашенко журналистерді босатуымыз Батыс елдерімен қатынасты нақты жақсартқымыз келетінін көрсетеді деді. Еуропа Одағы мен Америка Құрама Штаттары Беларус үкіметі саяси оппозицияны езгіге салды, адам құқықтарын таптайды, сайлау науқандарын бұрмалайды деп сын айтып келеді.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG