Accessibility links

Грузиялық оппозиция басшысы “табиғи себеппен” қайтыс болған көрінеді


Британия полициясының хабарлауынша, медициналық экспертизаның бастапқы қорытындысы бай Грузиялық оппозиция басшысы Бадри Патаркацишвилидің табиғи себеппен қайтыс болғанын көрсеткен. Британияда бас сауғалап жүрген Бадри Патаркацишвили Англиядағы өз үйінде сейсенбі күні өлі күйінде табылған болатын. Патаркацишвили президент Михаил Саакашвилидің сыншысы болған және ол өткен айдағы президент сайлауына үміткер ретінде түскен. Грузия билігі 52-жасар миллиардер Патаркацишвилиді қараша айындағы үкіметке қарсы жаппай наразылық шаралары арқылы елде төңкеріс жасамақ болды деп айыптаған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG