Accessibility links

Митт Ромней Республикалық партияның атынан президентікке Джон Маккейнді ұсынды


АҚШ президенті сайлауынан өткен аптада шығып қалған саясаткер Митт Ромней Республикалық партияның атынан президентікке кандидат ретінде Джон Маккейнді ұсынды.

"Бұл азамат елімізді қазіргі қауіпті кезеңде басқаруға лайық. Сенатор Маккейн біз тап болған соғысты түсінеді, жеңіске жету керектігін біледі, жеңілістің салдарын түсінеді", - деп сипаттады Митт Ромней.

Республикалық партияның кандидаты қыркүйек айында өтетін құрылтайда біржолата анықталады. Митт Ромнейдің осы сөзі Джон Маккейннің президентікке кандидат болу мүмкіншілігін арттырды. Республикалық партия шеңберінде сайлау науқанына түскен Майк Хакаби болса Джонн Маккейннен қазірдің өзінде қаты ұтылып келеді.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG