Accessibility links

АҚШ президенті Африкаға сапарын бастады


АҚШ президенті Джордж Буш өзінің Африканың төрт еліне сапарын бастап, бүгін Бенинге келді. Сапардың мақсаты Құрама Штаттардың аймақтық мәселелерді шешудегі күш-жігерін, демократиялық реформаларын алға тартып, аймақтағы ВИЧ/СПИД дертімен және безгек ауруымен күресті күшейтуге шақыру болып отыр. Бениннің астанасы Котону қаласындағы баспасөз мәслихатында Буш:

«АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың дүйсенбі күні Кенияға сапарының негізгі көрсеткішін, жетекшілер одан бірінші болып естіді. Құрама Штаттар мұнда қақтығыс болмағанын қалайды, елдердің пікір қайшылығын шешуіне көмектесетін билікті бөлісу келісімі жасалғанын тілейді», - деді.

Құрама Штаттар президенті Руанда, Гана және Либериядан кейін Танзанияға да барады деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG