Accessibility links

Д.Медведьев өз бағдарламасында заңды реформалар мен еркіндік жағдайы негізгі болады деді


Ресейдің келесі президенті болады делініп отырған Дмитрий Медведьев өзінің бағдарламасындағы негізгі мәселелер бостандық, жеке мүлік және тәуелсіз сот жүйесі болады деп айтты:

“Мен еркіндік пен заңдық тәртіп арасындағы үйлесімдік жетістігін бұл тұрғыда ең маңызды мақсат деп санаймын”.

Бірінші вице премьер Дмитрий Медведьев өзінің басым бағыттары туралы Сібірдегі экономикалық форумда айтты. Ресейде наурыздың 2-індегі президенттік сайлауға түсетін Медведьевті президент Владимир Путиннің өзі қолдап отыр.
XS
SM
MD
LG