Accessibility links

Ауғаныстандағы аяздан қаза болғандар саны 926-ға жетті


Ауғаныстандағы омбы қар мен қақаған аяздан қаза болғандар саны 926-ға жетті. Олардың жартысы елдің батысында ондаған жылдардан бері болып отырған қатты аязды қыстан көз жұмып отыр. Ауғаныстан билігі сонымен қатар 316 мың ірі қара мал өліп, 833 үй бұзылды деп хабарлады. Ал аяздан үсіп өлгендердің 462-сі Херат провинциясынан болып отыр. Ауа райын болжаушылар бұл соңғы онжылдықтардағы ең қатты қыс екенін айтуда.
XS
SM
MD
LG