Accessibility links

Армениядағы президент сайлауы негізінен халықаралық стандарттарға сай келген


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары Армениядағы президент сайлауы негізінен халықаралық стандарттарға сай келді деп мәлімдеді. Бірақ қалған кемшіліктерді жою үшін сайлау үдерісін одан әрі дамыту керек, дейді аталған ұйымның өкілдері. Орталық саулау комиссиясының хабарлауынша, сейсенбі күні өткен президент сайлауында премьер-министр Серж Саркисян 52,9 пайыз дауыс жинап жеңіске жеткен. Ал оппозиция болса сайлау бұрмаланды деп айыптап, Ереванда наразылық шарасын өткізді.
XS
SM
MD
LG