Accessibility links

АҚШ істен шыққан тыңшы жерсерігін зымыранмен атып түсіргенін растады


Пентагонның хабарлауынша, Тынық мұхитынан жіберілген зымыран 247 километр қашықтықтағы көлемі автобустай жерсерігін атып түсірген. Бірақ ішінде улы отын болған жерсерігіне қатысты бұл операцияның қаншалықты сәтті болғандығын айту үшін 24 сағат уақыт керек болады, дейді Пентагон ресмилері. Ресей бұл операцияны сылтауратып, АҚШ жаңа ғарыш қаруын тәжірибеден өткізуі мүмкін деп айыптады. Ал Қытай АҚШ-ты бұл іс-әрекетіне байланысты тез арада толығырақ мәлімет беруге шақырды.
XS
SM
MD
LG