Accessibility links

Арнайы тапсырма атқарған АҚШ-тың қос ұшағы Британияға қарасты жерді пайдаланған екен


Британия Сыртқы істер министрі Девид Милибандтың айтуынша, әр қайсысы бір-бір лаңкестікте күдіктелген адамды әкеле жатқан АҚШ-тың екі ұшағы 2002-ші жылы Британияға қарасты Үнді мұхитындағы Диего Гарсия аралына қонып, жанар май құйып алған екен. Британия парламентінің Төменгі шатырында сөйлеген сөзінде Милибанд мырза мұндай мәліметтерді Америка тарапының өте кеш айтқанына терең қынжылыс білдірді. Мұның өзі Британия үкіметінің ел парламентіне қате түсініктеме беруіне алып келген болатын, деді ол.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG