Accessibility links

Түркия күштері күрд көтерілісшілерін іздеп Ирақтың солтүстігіне енді


Түркия әскерінің хабарлауынша, түрік күштері шекарадағы Күрд көтерілісшілерін іздеп Ирақтың солтүстігіне кірген. Бас қолбасшылықтың мәлімдемесінде, бейсенбі күні кешкісін түркиялық күштер әскери ұшақтарымен шабуылдарын бастады, аз уақыттан соң қайтып оралады деген. Түркиялық телеарналар шамамен 10 мың әскер Ирақ шекарасына енгенін айтуда. Ирақтағы АҚШ әскерилері өздерінің бұл операциядан хабардар екенін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG