Accessibility links

Австралия мен АҚШ одақтастықтарын қайта күшейтпек


Канберрадағы жоғары дәрежелі кездесуден кейін Австралия мен Құрама Штаттар өздерінің одақтастықтарын қайта күшейтуге келісті. Буш әкімшілігінің жоғары шенді ресмилері Қорғаныс министрі Роберт Гейтс пен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Негропонте Австралия билігіне таяуда келген премьер министр Кевин Раддпен кездесті. Екі тарап та бұл басқосуларынан кейін, Еуропаны Ауғаныстандағы соғысқа көбірек үлес қосуға шақырды. Қытаймен жақынырақ байланыс құрған Австралия, Бейжин мен Уашингтон арасындағы көпір ретінде әрекет етуді ұсынды.
XS
SM
MD
LG