Accessibility links

Иран БҰҰ-ның болатын санкцияларына қарсылық білдірді


Иран өзінің ядролық бағдарламасына байланысты БҰҰ-ның жаңа қарарын қабылдамай, салынатын санкциялар заңсыз болады деп отыр. Бүгін Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы Жавад Ваиди БҰҰ-ның қандай да бір қосымша қарары заңсыз әрі техникалық жағынан негізсіз болады деген. Жұма күні БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі МАГАТЭ Иран ядролық бағдарламасына қатысты талаптарға жауап бермей отыр деген баяндама жасаған. Жаңа баяндамада айтылғандай, Техран уран байытуды жалғастырып келеді әрі сынақ жұмыстарын жасап жатыр. АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Иранның бұл жауапсыздығы Техранға қатаң санкциялар салуға негіз болып отыр деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG