Accessibility links

Еуро Одақ Косово солтүстігінен қызметкерлерін әкетуде


Еуропа Одағы өз қызметкерлерінің қауіпсіздігіне алаңдаушылық танытып, оларды Косовоның солтүстігінен уақытша шығарып жатыр. Мұндай шешімге баруға Косово тәуелсіздігіне қарсылық танытқан азшылық серб топтарының шерулері себеп болды. Еуро Одақ өкілі Питер Фейц:

«Біз өз қызметкерлерімізді уақытша әкетіп жатырмыз, бірақ біздің солтүстіктегі кеңселеріміз қалатын болады. Және біздің қайтадан іске кірісуімізге жол ашатын жағдай болады үміттенеміз», - деді.

Сөйтіп, ол Косовода әділ сот жүйесін қалыптастыруға көмектесетін Еуропалық миссияның бір бөлігі ретінде өз қызметкерлерін Митровица қаласына қайта жіберу мүмкіндігі болады деген үмітін жеткізді. Оның алдында Құрама Штаттар да Белградтағы елшіліктеріне шабуыл жасалған соң, өз азаматтарын қайтарып алған болатын.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG