Accessibility links

Ресми Бағдад Түрік әскерінің операциясы Ирақ егемендігіне шабуыл емес деді


Бүгін Ирақ үкіметі Түркия әскерінің солтүстіктегі Күрд көтерілісшілеріне қарсы операциясы елдің егемендігіне шабуыл емес деді. Бірақ, үкімет өкілі бұл операциялар аймақты тұрақсыздандырмауы тиіс деген. Күрд Көтерілісшілер партиясының қолбасшылары Түркия қалаларында тұратын күрдтерді Анкараның Солтүстік Ираққа жүргізіп жатқан шабуылына қарсы шығуға шақырды. Бұл үндеу Түркияға соққысын Ирақтың солтүстігінен беріп отырған күрд жікшіл көтерілісшілеріне қарсы түрік әскерінің шайқасы күшейе түскен соң айтылып отыр. Бүгін Австралияда жүрген АҚШ Қорғаныс министрі Роберт Гейтс, Түркия әскери операциясын ұзақ жасамасын деген Уашингтонның үндеуін қайталады. Ирақтағы Күрдістан аймағының жетекшілері, егер бейбіт тұрғындарға шабуыл жасалса, Түркияның басқыншылығына қарсы жаппай соққы беріледі деп ескертті.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG