Accessibility links

Армениядағы президент сайлауының бастапқы нәтижесі толық расталды


ЕРЕВАН: Кеше Арменияның Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының соңғы нәтижесін жариялады. Ресми қорытынды бойынша, сайлаушылардың 52 пайыздан астам дауысын жинаған премьер-министр С.Саркисян жаңа президент болып сайланды. Оппозицияның өкілі әрі тұңғыш президент Л.Тер-Петросян 21 пайыздан көп дауыс алды. Оппозиция дауыс беру барысында заң бұзушылықтардың болғанын айтып, қайта сайлау өткізуді талап етуде. Ресми билік оппозицияны “төңкеріс жасамақ болды” деп айыптап, демалыс күндері Тер-Петросянның бірнеше үзеңгілесін тұтқындады.
XS
SM
MD
LG