Accessibility links

Түріктердің Солтүстік Ирақтағы соғыс қимылдарын Бағдадпен түрік үкіметінің арнаулы өкілі талқылайды


АНКАРА: Түркия премьер-министрі Реджеп Эрдоган түрік қарулы күштерінің күрд партизандарына қарсы Ирақтың солтүстігіндегі соғыс қимылдарын талқылау үшін Бағдадқа өзінің арнаулы өкілін жолдайды. Ирақ үкіметі өкілінің хабарлауынша, арнаулы өкіл Бағдадқа 27-нші ақпан күні келеді. Оның алдында Ирақ үкіметі ресми Анкараны елдің солтүстігінен өз армиясын мүмкіндігінше ертерек алып кетуге шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG