Accessibility links

Кубаны 49 жыл басқарған Ф.Кастроның орнына оның інісі Рауль басшы болды


ГАВАНА: 76-жастағы Рауль Кастро - Кубаның жаңа лидері болды, “Бостандық аралын” 49 жыл басқарған оның ағасы - Фидель Кастроның билігі ресми түрде аяқталды. Компартияның идеологы Хосе Рамон Мачадо Вентура 1-інші вице-президент болды. Өзін президент етіп сайлаған Кубаның Ұлттық жиналысы алдында сөйлеген сөзінде Р.Кастро:

“Бір ғана адам Куба төңкерісінің бас қолбасшысы бола алады. Фидельдің аты Фидель. Фидельдің орнын ешкімнің толтыра алмайтынын біз жақсы білеміз. Ол бізбен болмағанда да, үзеңгілестері оның ісін жалғастыра береді”, -деп мәлімдеді.

Кубадағы сайлаумен қарама-қатар жасаған мәлімдемесінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс ресми Гавананы “бейбіт демократиялық жолға түсуге шақырды”.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG