Accessibility links

Бүгін Қырғызстан Парламенті Ресейдегі азаматтарының тағдырына алаңдаған мәлімдеме жариялады


Ресейге жұмыс іздеп барған өз азаматтарының кісі қолынан қаза тауып жатқанына қатты қынжылыс пен өкініш білдіре келіп, Қырғыз парламенті осы жылдың өзінде Ресейде өлтірілген азаматтарының саны 8-ге жеткеніне назар аударған. Сондықтан да Мәскеуді осы өлім жағдайларын мұқият тергеп-тексеруге шақырды. Ресейде соңғы жылдары шыққан тегі орта азиялық және кавказдық азаматтарға қарсы расистік шабуылдар жиілеп кетті.
XS
SM
MD
LG