Accessibility links

Ресей вице премер-министрі, Путиннің мұрагері Дмитрий Медведев бүгін Белградқа барды


Президенттікке кандидат, Ресейдің келесі президенті болуы мүмкін Дмитрий Медведев Белградқа бір күндік сапарында жақында Косово аймағының тәуелсіздік декларациясын жариялауына байланысты оған наразылық білдіруші Сербиямен Ресейдің ынтымақтастығын танытуға барған тәрізді. Медведев бастаған делегация құрамында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бар. Олар Сербия президенті Борис Тадич және премьер-министр Войслав Коштуницамен кездесті. Белградтағы келіссөздердің күн тәртібіне "Оңтүстік ағым" деп аталатын Сербия территориясынан өтетін газ құбырының құрылысы да шығарылды.
XS
SM
MD
LG