Accessibility links

Тәліп көтерілісшілері Ауғанстандағы ұялы телефон компаниялары сигналдарын өшірсін деп ескертуде


Тәліп жаугерлері егер мобил компаниялары түн мезгілінде сигналдарын өшірмесе, телеком мұнараларын жарып жібереміз деген. Олар коалиция күштері мобил сигналдарын тәліптердің ізін кесуге пайдаланып отыр деп есептейді. Бұл жөнінде бүгін тәліптердің өкілі Забиұлла Можахед мәлімдеген. Оның айтуынша, егер мобил компаниялары сигналдарын үш күн ішінде өшірмесе, тәліптер олардың мұнаралары мен кеңселерін нысанаға алатын болады.
XS
SM
MD
LG