Accessibility links

Ирақта АҚШ-тың 140 мыңдық әскері қалып, Ауғанстандағы әскері 32 мыңға ұлғайтылады


ВАШИНГТОН: Биылғы жаздың ортасына қарай 5 әскери бригадасын Ирақтан шығарған соң АҚШ осы елде 140 мың жауынгерлік армиясын қалдырмақшы. Кеше Пентагонның жоғары лауазымды генералы Картер Хэм осылай деп мәлімдеді. Ирақта қалатын әскердің қатары – қантөгіс пен экстремизмнің толқынын басу үшін өткен жылы Ираққа қосымша 30 мыңдық әскер енгізілгенге дейінгі күштен әлдеқайда көп болады. Сонымен қатар генерал К.Хэм Ауғанстандағы АҚШ әскерінің қатары жаздың соңына қарай қазіргі 28 мыңнан 32 мыңға дейін ұлғайтылатынын хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG