Accessibility links

Ресейдегі скинхедтердің қолынан қаза болған 8-інші қырғыз азаматы жерленді


БІШКЕК: Кеше Қырғызстанда өткен аптада Мәскеуде кісі қолынан мерт болған еңбек-мигрантын жерлеуге 100-деген халық жиналды. Жорамал бойынша, 28-жастағы Тайыр Жарқынбаев скинхедтердің қолынан қаза болған. Ол Қырғызстанның Жалалабад облысына қарасты Қошқарата қаласында жерленді. Осыдан 1 апта бұрын Жалалабадта тағы бір мигрант жерленді. Ол да Ресейде скинхедтерінің қолынан көз жұмды. Қырғызстан парламенті Ресейде қырғыз азаматтарының кісі қолынан қаза болған оқиғалардың өсе түсуіне зор алаңдаушылық білдіріп, Ресейдің мемлекеттік думасына үндеу жолдады. Ресейде биыл ғана 8 қырғыз азаматы қаза тапты.
XS
SM
MD
LG