Accessibility links

Түрмелерінде 2,5 млн.-ға жуық адам отырған АҚШ әлемде 1-інші орында келеді


ВАШИНГТОН: Американың әрбір 100 азаматының бірі түрмеде отыр. Демек АҚШ тұтқындарының саны жағынан бүкіл әлемде 1-інші орында келеді. “Пью” зерттеу Орталығы дайындаған баяндаманың дерегі бойынша, 2008-інші жылдың басында Американың түрмелерінде 2,3 миллионнан астам азамат жазасын өтеп жатты. Қытайда темір торда 1,5 млн., ал Ресейде - 890 мың адам отыр. Әлгі баяндаманың авторлары АҚШ штаттарының басшыларын жазаны өтеудің балама жолдарын қолдану арқылы тұтқындардың санын шектеуге шақырады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG