Accessibility links

Ресейдің келесі президенті Медведев болатындығы айқындалып қалды


Ол Ресейдің сыртқы саясатына ерекше назар аударып, бақылауда ұстаймын деп атап көрсетті баспасөз мәслихатында. Орталық сайлау комиссиясының алдын-ала мәліметтеріне қарағанда, сайлаушылардың 69 проценті Дмитрий Медведевті жақтап дауыс берген. Коммунистер жетекшісі Геннадий Зюгановтың алған даусы 18,5 процент болған. Либерал-демократтар партиясының басшысы Жириновский 10 проценттен астам дауысқа ие болған. В.Путин мен Д.Медведев Қызыл алаңдағы концертті тамашалауға бірге келген. Медведев жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде Путиннің жолын жалғастырамын деп айтты. Дауыс беруге Ресей сайлаушыларының 65 проценті қатысқан.
XS
SM
MD
LG