Accessibility links

Ресей Косово үшін халықаралық басқару тобының құрылғанына наразылық танытуда


Ресей сыртқы істер министрі бұл қадам БҰҰ-ның шешімдеріне қайшы келеді деп қарсылығын білдірді. Ресей сыртқы істер министрінің өкілі аталған топтың еркін орналасуы Косовода күтпеген жағдайларға соқтыруы мүмкін деп атап көрсетті. Косовоның тәуелсіздігін мойындаған 15 ел өткен аптада аймақтың демократиялық дамуына көмектесетін Басқару қызметін құруға келіскен болатын. Сербия мұндай топтың құрылғанына шағым түсіріп үлгерді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG