Accessibility links

Ахмединежад БҰҰ-ның Иранға қатысты соңғы қарары негізсіз деді


Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмединежад БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Иранның ядролық бағдарламасына қатысты енгізген соңғы санкциясы заңсыз деді. Қауіпсіздік Кеңесі дүйсенбі күні Иранның 15 ай ішінде уран байытуды тоқтатпай отырғанына байланысты Техранға үшінші санкция енгізген болатын. Бұл қарар Иранға БҰҰ-ның уран байыту тоқтатылсын деген талабын үш ай ішінде орындауға шақырады. Иран өзінің ядролық бағдарламасы әркімге берілген құқық негізінде энергия көзі мен отын алу мақсатында жүргізіліп жатқанын алға тартады.
XS
SM
MD
LG