Accessibility links

ЕҚЫҰ Арменияны тәуелсіз ақпараттар таратуға салынған тыйымды алуға шақырды


ЕҚЫҰ Арменияны елдегі төтенше жағдай тәртібі аясында тәуелсіз ақпарат беруге салынған тыйымды алуға шақырды. Ұйымның сөз бостандығы мен ақпарат жөніндегі өкілінің айтуынша, бұл шектеулер Арменияның халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді. Аталмыш шектеулер сенбі-жексенбі күндері орын алған Ереванда шерушілер мен полиция арасындағы қанды қақтығыстан кейін енгізіліп отыр. Ақпарат өкілдеріне билік рұхсат еткен ақпаратты ғана таратуға мұрсат берілген. Шетелдік радио-телеарналардың Армения туралы хабар беруі шектелді. «Азаттықтың» Армения қызметінің хабарлары әуеден алынып, интернет парақшасын ашуға тосқауыл қойылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG