Accessibility links

Ауғандықтар Мұхаммед ғ.с пайғамбар суретінің қайта шыққанына қарсылық танытты


Бүгін мыңдаған ауғандық даниялықтардың Мұхаммед ғ.с пайғамбарды келемеждеген суретті қайта басып шығарғанына наразылық танытты. Бұл даулы карикатура бірінші рет 2005 жылы Дания басылымында жарық көрген. Ауған провинциясындағы бұл наразылық шеруінде сондай-ақ, Құран туралы кино түсірмек болған голландиялық саясаткердің жоспарына қарсылық танытылды. Бұл шеруде Дания мен Нидерланды тулары өртеліп, Бенедикті мазақ қылған суретті алып шыққан. Бірқатар Ислам елдері Голландиялық депутаттың бұл Құран туралы киносының жарыққа шықпағанын талап етті.
XS
SM
MD
LG