Accessibility links

БҰҰ Ауғаныстандағы апиын өндірісі бұрынғыдан жоғары болып отыр деді


Ауғаныстандағы апиын өндірісі 2007 жылы жоғарғы деңгейге жетті. Ауған есірткісін тоқтату жөнінде ғаламдық дабыл қағылғанына қарамастан, 2006 жылдан бері апиын өндірісі 34 пайызға өскен. Бұл туралы БҰҰ-ның Есірткі тасымалын бақылау кеңсесі хабарлап отыр. Ауғаныстан көкнәр егісімен рекордтық деңгейге жетіп отырғанын айтқан бұл мекеме, әлемнің есірткі базарындағы 93 пайыз есірткі Ауған елінен келетінін айтуда. Героин осы апиыннан алынады.
XS
SM
MD
LG