Accessibility links

Украина президенті премьер министрге газ келіссөздерін қайта бастау керек деді


Бүгін Украина президенті Виктор Ющенко Ресейдің Газпром компаниясы кеше Киевке беретін табиғи газ өнімін 50 пайызға қысқартқан соң өзінің үкімет басшысына Мәскеумен келіссөздерді қайта бастау керектігін айтты. Оның алдында Газпром басшылығы Киев алып отырған газға қарызын өтемесе тағы да газ жеткізуді тоқтатамыз деп қорқытқан еді. Бүгін баспасөз мәслихатында Газпром компаниясының өкілі Сергей Купрянов:

“Біз келіссөздерді жалғастыруға дайынбыз, әрі біз Украинадан Мәскеуге келетін делегацияны күтіп отырмыз”, - деді.

Мәскеудің айтуынша, Киев газ алғаны үшін Газпромға 600 млн доллар берешек екен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG