Accessibility links

ОБСЕ ұйымы Арменияда тәуелсіз жаңалықтардың шектелуіне қарсы


Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Армениядағы төтенше жағдай тәртібіне байланысты тәуелсіз жаңалықтардың таратылуына қойылған шектеулерді алуға шақырды. Осы ұйымның баспасөз бостандығы турасындағы өкілі Миколас Харасти бұл шектеулер Арменияның халықаралық міндеттеріне қайшы келеді деп атап көрсетті. Баспасөзді ауыздықтау шаралары Арменияда жексенбі күні болған қақтығыстардан кейін қолға алынып, баспасөзге үкімет рұхсат еткен жаңалықтарды тарату туралы нұсқау берілген. Армениядағы шетелдік радио және телестанциялардың хабарлары қысқартылып, соның ішінде «Азаттық» радиосының армян редакциясы хабарларының таратылуына да кедергілер жасалды.
XS
SM
MD
LG