Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш Венесуэланы Колумбияға қарсы арандатушылық әрекетке барды деп ескертті


Жексенбі күні Колумбияның әскерлері Эквадор территориясына рейд жасағаннан кейін, шекараға жасақтарын орналастырған Венесуэла мен Эквадор Колумбиямен дипломатиялық қарым-қатынастарын үзген болатын. Шабуыл барысында Фарк көтерілісшілер тобының бір жетекшісі қаза тапқан-ды. Дж.Буш Колумбия президенті Алваро Урбимен телефон арқылы сөйлесіп, Вашингтон аймақты тұрақсыздыққа бастайтын агрессиялық қимылдарға қарсылық білдіреді деп айтқандығын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG