Accessibility links

Түркіменстан мен Әзірбайжан газ қарызы мәселесін шешпек


Газ қарызының мәселесі Түркіменстан мен Әзірбайжан арасында да орын алып отыр, дегенмен бұл екі мемлекет көп жылдан бері қордаланған дауды шешуге кірісті. Түркіменстан бас министрінің орынбасары Қыдыр Сапарәлиев ертең Бакуге барып, Әзірбайжанмен қарым-қатынас жаңғыртуға әрекет жасайды, дейді "Нейтральный Туркменистан" газеті. Әзірбайжан түркімен газына 1990 жылдардың соңынан бері қарыз, сол үшін екі ел арасында дау көп болды, қарым-қатынастары тіпті азайып қалған. Енді міне олар келіссөз бастап жатыр.
XS
SM
MD
LG