Accessibility links

Армения президенті төтенше жағдай тәртібін ертерек тоқтатпаймын деді


Халықаралық қауымдастықтың Ереван қаласында енгізілген төтенше жағдай тәртібін алып тастау жөніндегі шақыруына Армения президенті Роберт Кочарян "жоқ" деп жауап берді. Президент сонымен қатар төтенше жағдай тәртібі алынған соң да, оппозицияның бұқаралық жиындар өткізуіне мұрсат етілмейді деп атап көрсетті. Кочарян жексенбі күні 8 адамның ажалына себепкер болған қақтығыстардан кейін, 20 күндік төтенше жағдай жариялаған болатын. Оппозиция өткен айда болған президенттік сайлаудың қорытындыларымен келіспей, ол "қолдан жасалды", "жалған" деп мәлімдеуде.
XS
SM
MD
LG