Accessibility links

Дж.Буш Джон Маккейнге АҚШ президенттігіне кандидат ретінде қолдау білдірді


АҚШ президенті сенатор Джон Маккейіннің Ақ үйге жету жолындағы сайлау науқанына қолдау танытып, Маккейн мықты шешімдер қабылдай алатын және бастаған жолынан таймайтын адам деп атап өтті.

- Ол жауларға қатысты өзінің ұстанымын өзгертпейді. Ол әлемнің қауіпті екенін түсінеді және біз бірге Американы қорғадық. Маккейн ел басшылығына келсе, оның басты жауапкершілігі - Американы қорғау болады, - деді Буш.

Республикандық сенатор сейсенбі күні алдын ала дауыс берулер өткен 4 штатта да жеңіске жеткен болатын. Ал демократтар партиясының үміткерлері Клинтон мен Обама арасындағы бәсеке күрделене түсті. Хиллари Клинтон 4 штаттың үшеуінде жеңіске жетті, бұған дейін 11 штатта қатарынан жеңіске Обама жетіп келген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG