Accessibility links

Солтүстікатлантикалық одақ Балкан түбегінің тыныштығын нығайтуды ойластырады


БРЮССЕЛЬ: Бүгін НАТО елдерінің сыртқы істер министрлері Албания, Македония және Хорватияны мүшелікке қабылдау мәселесін талқылау үшін Брюссельде бас қосты. Сонымен қатар Украина мен Грузияның НАТО-ға мүше болудың бастапқы шарты болып табылатын “Іс-қимыл жоспарына” қосылу мүмкіндігі сөз болуға тиіс. НАТО-ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер мәлімдегендей, “Балкан елдерінің Одаққа қосылуы – осы түбектегі тыныштық пен тұрақтылықты нығайтады”. Бұл мәселелер НАТО елдері басшыларының 2-4-інші сәуір күндері Бухаресте өтетін кездесуінде түпкілікті тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG