Accessibility links

Қазақстан мұнайын Украина арқылы тасымалдауға әзір


АСТАНА: Қазақстанға 2 күндік сапарда жүрген Украина президенті В.Ющенко бүгін Астанада қазақ әріптесі Н.Назарбаевпен келіссөз өткізді. Астаналық тілшіміздің хабарлауынша, оның барысында Н.Назарбаев:

“Украинаны газбен де, мұнаймен де қамтамасыз етуге Қазақстан дайын, ал оны тасымалдау мәселесін біз Ресеймен бірге 3 жақ болып келісуге тиіспіз», - деп мәлімдеді.

Келіссөздің қорытындысы бойынша Н.Назарбаев пен В.Ющенко “Қазақстан мен Украина қазақ мұнайын Еуропа кеңістігіне тасымалдау саласындағы ынтымақтастығын жалғастыруға ниетті, сондай-ақ Одесса-Броды мұнай құбыры жобасын іске асыру мүмкіндігін зерттеуді жалғастырады” деген бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
XS
SM
MD
LG