Accessibility links

Өзбекстан героинның үлкен партиясын қолға түсірдік деп мәлімдеген


Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметі жариялаған мәлімдемеде ұсталған героинның жалпы салмағы 568 килограмм болатындығы айтылған. Бұл өткен бір жыл бойына қолға түскен есірткі көлемінен де көп. Әлемдегі апиынды ең көп өндіретін ел - Ауғанстан Өзбекстанның жақын көршісі. БҰҰ-ның есірткіге қарсы күрес агенттігі халықаралық қауымдастықтың көкнәр алқаптарын жою жолындағы күш-жігеріне қарамастан, Ауғанстан фермерлері жыл сайын рекордтық деңгейде өнім жинауда деп атап көрсеткен.
XS
SM
MD
LG