Accessibility links

Бағдадтағы бомба жарылыстарында 50-ден астам адам қаза тапты


Кеше Ирақ астанасында екі бірдей жарылыс болды. Бағдадтағы қауіпсіздік күштерінің өкілі, генерал-майор Қасым Моссауи қаланың орталық бөлігіндегі сауда орталығында бірнеше минуттардың ішінде болған жарылыстарда қаза тапқандардың сыртында жарақат алғандардың саны 120-ға жетті деп айтқан. Соңғы айларда Ирақта қақтығыстар сәл де болса азайғаны байқалды. Дегенмен де, АҚШ және Ирақ ресмилері Әл-Қаиданың қауіпті бомба жарылыстары әлі де қауіп-қатер төндіріп отыр деп мәлімдейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG