Accessibility links

Тәжікстан 47.4 млн. доллар несиені Халықаралық валюта қорына қайтаруға тиіс


ДУШАНБЕ: Халықаралық валюта қоры Тәжікстаннан осыдан бірнеше жыл бұрын берген несиесін қайтарып беруді талап етеді. Аталған Қордың интернет-сайтында шығарылған баспасөз-хабарламасына қарағанда, қайтарылуға тиіс қаржы 47.4 млн. долларға тең. Бұл қаржыны Тәжікстан кедейлікпен күресу және экономикалық дамуды ынтыландыру бағдарламасы бойынша алған. Алайда Халықаралық валюта қоры несие жалған мәліметке сәйкес бөлінді деген тұжырымға келіп отыр. Қордың пікірінше, Тәжікстан үкіметі өзінің және Орталық банктің қаржы қоры туралы дұрыс ақпар бермеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG