Accessibility links

Иерусалимде қауіпсіздік шаралары күшейтілді


Иерусалимде еврейлердің діни мектебіне шабуыл жасалған соң Израиль полициясы қауіпсіздік шараларын күшейтті. Шығыс Иерусалимде тұратын бір палестиналық қарулы адам бейсенбі күні әлгі мектепте 8 студентті өлтіріп, 10-ын жаралаған. Сосын ол шабуылдаушының өзін бір армия офицері атып өлтірген. Мыңдаған израиль азаматы өлгендерді жоқтау үшін мектептің алдында жиналды. “Хезболла” бақылауындағы Ливан ақпарат құралының хабарлауынша, бұрын белгісіз болған “Жалил Азаттық батальоны – Имад Муғние мен Газа азап шегушілері” атты топ Иерусалимдегі шабуылға байланысты жауапкершілікті өз мойнына алған. Ал Исламшыл “Хамас” қозғалысы бұл шабуыл Израильдің Газада ондаған палестиндікті өлтіруіне орай “табиғи реакция” болды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG