Accessibility links

Мыңдаған ауғандық Дания мен Нидерландыға қарсы шеруге шықты


Бүгін Ауғаныстанның батысындағы Херат қаласында мыңдаған адам Дания мен Нидерландыға қарсы ұрандар айтып көшеге шықты. Алаңға шыққан олар Дания газеттерінде Мұхаммед ғ.с пайғамбарды келемеждеген суреттің қайта басылып шыққанына наразылық танытты. Олар сондай-ақ, голландиялық саясаткердің исламға тіл тигізетін фильмді жарыққа шығармақ жоспарына қарсылық білдірді. Херат қаласындағы шерушілер Ауған үкіметінен НАТО құрамында қызмет етіп жатқан 2400 даниялық және голландиялық әскерлерді елден шығаруын сұрады. Дәл осындай қарсылық шерулері өткен аптада елдің басқа аймақтарында да болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG