Accessibility links

Германия канцлері Мәскеуге келді


Бүгін Германия канцлері Ангела Меркель бір күндік сапармен Мәскеуге келді. Онда Меркель ханым қазіргі президент В.Путин және жаңа сайланған президент Д. Медведевпен жеке-жеке кездеспек. Кездесулерде Иран, Косово және Еуропаға газ жеткізу мәселелері талқыланбақ. Германия канцлері Ресейдің өткен аптадағы президенттік сайлауында болған қателіктер туралы және Ресей демократиясы жайындағы алаңдаушылығын айтпақшы. Германия үкіметінің өкілі айтқандай, Ангела Меркель Медведев билігі кезінде қандай саяси жағдай болатыны туралы білмекші. Осы аптаның басында Германия канцлері Дмитрий Медведевті жеңісімен құттықтаған, бірақ сайлау кезіндегі бұрмалаушылықтарға алаңдаушылығын білдірген.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG