Accessibility links

Барак Обама Войоминг штатында жеңіске жетті


АҚШ президенттігіне демократтардан кандидат таңдау үшін дауыс берулерді Барак Обама басымдықпен жеңіске жетті. Сенбі күнгі дауыс берулер қортындысы Иллинойс штатының сенаторы Обама 61 пайыз, Нью-Йорк сенаторы Хиллари Клинтон 38 пайыз ғана дауыс алғанын көрсетті. Обама сөйтіп, өткен аптада үш бірдей штаттағы дауыс берулердегі жеңілісінен кейін қайта күшейе бастады. Демократтардан жеңген кандидат қараша айындағы президенттік сайлауда республикандықтардың кандидаты Джон МакКейнмен бақталасатын болады.
XS
SM
MD
LG