Accessibility links

Испанияда парламенттік сайлау өтуде


Бүгін испаниялықтар парламенттік сайлауға қатысуда. Алдын ала сауалнамаларда, премьер министр Хосе Луис Родригес Сапатероның жетекші социалистер партиясы, Мариано Рахоя жетекшілік ететін консервативтік халықтық партияны басымдықпен жеңеді делінген. Бұл дауыс берулер Испанияның Баск аймағында социалистер партиясының бұрынғы депутаты өлтірілген соң болып отыр. Оның өліміне Баск жікшілдерінің “ЭТА” тобы айыпталып отыр. Сапатеро мен оның партиясы 2004 жылдың наурызындағы 191 адамның өлімін қиған Мадридтегі пойызға шабуылдардан кейін билікке келген.
XS
SM
MD
LG