Accessibility links

Әзірбайжанда оппозициялық газеттің бас редакторы төрт жыл түрмеге кесілді


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Әзірбайжанда оппозициялық газеттің бас редакторы төрт жыл түрмеге кесілгенін айыптады. "Азадлық" газетінің бас редакторы Ғанимат Захидов былтыр қараша айында көше бұзақылығын жасады деп айыпталды, жеңіл жарақат жасады деп табылды. Жұма күні ол төрт жыл түрмеге кесілді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы баспасөз бостандығының өкілі Миклош Харазци бұл оқиға Әзірбайжанда сын айтатындарға қарсы науқанның одан ары жалғасып жатқанын көрсетеді деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG