Accessibility links

Сербия үкіметі парламентті таратып, сайлауды 11 мамырда мерзімінен бұрын өткізуді сұрады


Ел президенті Борис Тадичке бұл жайында бүгін тиісті өтініш жасалды. Сербия үкіметі Косово мәселесінде келісім таппай, ұлтшыл партиялар мен Батысшыл партиялардың коалициясы бұзылды. Еуропа Одағы сыртқы саясатының үйлестірушісі Хавиер Солана бүгін Брюссельде сөйлеп, Сербия мәселесі Еуропа Одағы сыртқы істер министрлерінің алда болатын кездесуінде талқыланады деді, Сербия халқы алдағы жолын таңдау мүмкіншілігіне ие деп сенеміз, олар Еуропа Одағымен жақындаса түседі деп үміттенеміз деді.
XS
SM
MD
LG